Аймаққа инвестор тартуға талпыну керек - Гали Ескалиев
Екі аптадан соң жылыту маусымы басталады. Осыған орай облыс әкімі Ғали Есқалиев «Батыс су арнасы» ЖШС мен «Жайықжылуқуат» АҚ-ның қысқы мезгілге дайындығымен танысты. Өңір басшысы алдымен «Батыс су арнасы» ЖШС-ның базасында болып, кәсіпорын басшысының есебін тыңдады. Серіктестік директоры Әнуар Аркеновтың айтуынша, уақытша өтемдік тарифтің енгізілуіне байланысты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайы нашарлаған. Сәйкесінше кредиторлық берешегі күн сайын артып келеді. Бүгінгі күні кәсіпорынның кредиторлық берешегі – 1,2 млрд теңге. Оның ішінде салық төлеміне – 596,8 млн теңге, жабдықтаушылар