Ақтөбеде түрмеге телефон алып кірмек болған адам ұсталды. Оқиға №70 түзету мекемесінде тіркеліпті. Заң бұзған азамат абақтыға телефонды майонез шелегінің ішіне жасырып, алып өтпек болған. Бұл туралы Ақтөбе облысы қылмыстық атқару жүйесінің департаменті хабарлады.
— Тыйым салынған зат екі пластикалық майонез құтысының арасына жасырылған. Бір құтының түбі кесіліп, екіншісінің сыртына кигізілу арқылы жасырын қуыс жасалған, – деп хабарлады Ақтөбе облысы қылмыстық атқару жүйесінің депарменті.
Сәлемдемені жіті тексерген департамент қызметкерлері Nokia маркалы ұялы телефон мен SIM-карта тәркіленді. Абақтығаа тыйым салынған затты алып кірмек болған 22 жастағы тұрғын ұсталды. Оған әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдаған.