Социум
Алғашқы аукционда 8 жер телімі сатылды
Оралда жыл басынан бері бірінші рет жер учаскесін сату бойынша аукцион өтті. Сауда-саттық шарасында 8 жер телімі өз иелерін тапты. Жергілікті кәсіпкерлер әзірге тек 5 жылға жерді жалға алу құқығын сатып алды. Кейін келісімшарт талаптарын орындаған соң, толық жер иесі атанады. Саудаға Деркөл шағынауданындағы аумағы 400-ден 570 шаршы метрді құрайтын жер телімдері шығарылды. Аукцион ағылшын әдісімен өткізілді. Яғни, бастапқыда белгіленген ең төменгі баға өсе түседі. Алғашқы лотта ойын алаңы мен атракцион құрылысына арналған жер телімі ойнатылды. Бастапқы бағасы 59 мың теңге. Аукционист осы сумман