«ASTANA EXPO-2017»: Жайықтың сазды сәлемі
«Астана ЭКСПО-2017» аясындағы БҚО күндері жұма күні кешкісін думанды Гала-концертпен қорытындыланды. «Ақ ерке - Ақжайық» атты ауқымды кешке құрамында 700-дей мәдениет қызметкері бар өнер ұжымдары қатысты. Сарыарқаның самалы ескен Астананың мақпал кешінде БҚО күндері аясында өнер ұжымдарының гала-концерті өтіп жатыр. Астана мен қала қонақтарын таңғалдыру үшін осы концерттік бағдарламаның 97 пайызы жергілікті композиторлардың шығармаларынан құрылған. Бұл бүгінгі мерекелік шараның басты ерекшелігі. Ақжайық өнерпаздарының ең ауқымды концерті Еркін Нұрымбетовтің «ЭКСПО-Ақжелең» шығармасымен ашылды