Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері басталды Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері басталды
Шілденің 31-інде Астана қаласындағы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Батыс Қазақстан облысының күндері басталды. Бір аптаға созылатын ауқымды шарада өңірдің жетістігі, дамуы мен келешегі таныстырылып, инновациялық жобалардың тұсауы кесіледі. Ару Жайықтан ерке Есілге сәлем бере келген жерлестеріміз астаналықтарға бар жақсысын ұсынбақ. Бес күннің ішінде қолөнер шеберлері мен суретші-мүсіншілердің көрмесі, Оралдағы қос театр майталмандарының сахналық туындылары, өнер ұжымдарының концерті, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, өзге де танымдық-мәдени шаралар ел назарына ұсынылады.Т