«Атамекенім» акциясы басталды
Акция мақсаты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, кәсіпкерлердің өнегелі істерін үлгі тұту. Акция аясында Орал қаласында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Біздің өңірде Біржан Қожақовты көпшілік таниды. Мүгедектігіне қарамастан ол, бәсекеге қабілетті бизнестің басында тұр. Тек ерік-жігердің арқасында өрісті өндірісті жолға қоя білген кәсіпкердің тағы бір қыры, қайырымдылық іс. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып, қаржылай да көмек көрсетеді. - Маған көмек сұрап көп адам хабарласады. Негізінен түрлі ауыр дертке шалдыққан кемтар жандар. Тіпті өзге өңірлерден де келіп жатады.