Австрия кәсіпкерлері өнімдерін таныстырды
ЭКСПО көрмесіне қатысқан Австриялық кәсіпкерлер, еліміздің батыс өңірлерінде де өз өнімдерін ұсынуды жөн көріпті. Өйткені аталған аймақтарда мұнай-газ секторы мен өнеркәсіп өркен жайған. «Парк Отель» қонақ үйінде өткен таныстырылымға жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Мәселен өткен 7 айдың ішінде Батыс Қазақстан облысында 3 млрд. доллардың өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өсім 12 пайызды құрады. Мұның өзі бизнестің белсенділігін арттыруға бар жағдайдың жасалғандығын көрсетеді. - Биыл облыстың экономикасына тартылған инвестиция көлемі 500 млрд. долларға жетті. Соның 85 пайызы жеке қаржылар. Сондықтан бү