«Бастау бизнес» жобасы нәтиже беруде
Зеленов ауданының Достық ауылында аталған жоба бойынша бірнеше адам өз ісін қолға алды. Нұрхан Бекенов, жақын күндері шағын бордақылау кешенін іске қоспақ. Оның құрылысына жас кәсіпкер 2 миллион теңге жұмсағанын айтады. Бірақ кеткен ақша өзін-өзі ақтап отыр. Мұнда малды қысы-жазы күтіп ұстау үшін бар жағдай жасалған. Жемді ұнтақтайтын құрылғы орнатылып, сумен қамтитын құдық қазылған. Тіпті өрт қауіпсіздігі де ескерілген. - «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыған соң, кәсіп ашуға оқталдым. Мемлекет берген 4 млн. теңгенің жеңілдетілген несиесіне 20 бас рі қара сатып алдым. Әзірге әкелген жоқпын. Ө