• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Батыс Қазақстан облысы — республикалық спартакиаданың чемпионы

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері республикалық спартакиадаға қатысты.
Батыс Қазақстан облысы — республикалық спартакиаданың чемпионы
БҚО әкімдігінің фотосы

Батысқазақстандық мемлекеттік қызметшілер жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасында өткен спартакиаға қатысты. Республикалық сайыс 10-17 шілде күндері Көкшетау қаласында ұйымдастырылды.

Дәстүрлі жарысқа еліміздің 17 облысы мен үш республикалық маңызы бар қаласының командары бақ сынады. Мемлекеттік қызметшілер он спорт түрі сайысқа түсті.

Жарыстың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының құрамасы 208 ұпай жинап, жалпыкомандалық есеп бойынша көш бастады. Сайыста екінші орынға 196 ұпай жинаған Ақтөбе облысы тұрақтады. Үздік үштікті 190 ұпайы бар Ақмола облысының құрамасы түйіндеді.

Главный баннер --> after article