• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Батысқазақстандық балуандар кәрі құрлықта жеңіс тұғырынан көрінді

Испания төрінде еркін күрестен халықаралық сайыс өтті.
Батысқазақстандық балуандар кәрі құрлықта жеңіс тұғырынан көрінді
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының фотосы

Батысқазақстандық балуандар Испанияның Мадрид қаласында еркін күрестен халықаралық турнирге қатысты. Спорт додасы 11-12 шілдеде ұйымдастырылды. Халықаралық турнирде батысқазақстандық балуандар өнер көрсетіп, ел намысын қорғады.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, 92 келі салмақ дәрежесінде белдескен Нұржан Исағалиев халықаралық турнирдің чемпионы атанды. Балуан Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындапты.

57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әмірхан Дәулет финалға дейін сүрінбей жетіп, жарыстың күміс жүлдесін иеленді. Ол да Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындап, жоғары нәтиже көрсеткен.

Главный баннер --> after article