«БатысМарқаЛамб» серіктестігі Иранға екінші экспорттық өнімін жіберді
Алғашқысы шілде айында аттандырылған еді. Бүгінде «Батыс Марка Ламб» серіктестігі ұсақ малдың етін өңдейтін және өнімі экспортқа бағытталған еліміздегі алғашқы арнайы кешен. Мұнда қазір 82 адам еңбек етеді. Парсы компаниясымен арадағы келісімге сай Иранға мың жарым тонна тоңазтылған қозы еті жеткізілмек. Алғашқы өнім Тегеренға Атырау арқылы жолданса, бұл жолы жергілікті әуежай пайдаланылды. - Экологиялық таза өнім болғандықтан Иран елінің басқа да компаниялары тарапынан сұраныс артып отыр. Бұған қоса көктемде Қытайдың ветеринарлық инспекцияның тексерісінен ойдағыдай өттік. Жақын күндері құжатт