БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері медиацияны дамытудағы кедергілерді талқыланды
Медиаторлар, ХХІ ғасыр билері. Олардың міндеті дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей тараптарды татуластыру. Медиаторлар институты соңғы жылдары біздің елде де дами бастады. Елбасының жарлығымен бұл істі Қазақстан халқы Ассамблеясы берік қолға алып отыр. Медиаторлар, кәсіби және кәсібіи емес болып екі топқа бөлінеді. Бітімгершілікпен кәсіби тұрғыда айналысу үшін үш кезеңдік оқудан өту керек. Әрі кандидаттың жасы 25-тен асуы тиіс. Бірақ жиналғандар бұл талаппен келіспейді. - Менің ойымша 25 жасар адам медиатор болуға жарамайды. Медиаторлыққа жасы үлкен азаматтарды қабылдау керек. Бір сөзбен айтқанда