БҚО Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысында жұртшылықты толғандырған мәселелер талқыланды
Биыл да қала, ауыл және ірі кәсіпорындарда қоғамдық келісім кеңестерін құру жалғасты. Бүгінде 239 кеңеске 4 мыңнан астам адам мүше. Олар, ұлтаралық және дінаралық татулықты қамтып, әлеуметтік-экономикалық дамуға қолдан келгенше үлес қосуда. Кезекті кеңейтілген отырыста жемқорлықтың алдын алып, діни экстремизмге тосқауыл қоюдағы кеңестердің рөлі тақыланды. - Қоғам үшін діни экстремизм аса қауіпті құбылыс. Кеселдің алдын алу бағытында үлкен жұмыс атқарылуда. Теріс ағымды насихаттауға жол бермеуіміз керек. Қазіргі таңда облыстық дін істері басқармасы мен қоғамдық келісім кеңесі 2017-18 жылдарға а