БҚО әкімі азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
19 қазан - азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күні. Осыған орай бүгін Тұңғыш Президент алаңында салтанатты шара өтіп, онда облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. -Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күнімен құттықтаймын. Оның тарихы даңқ пен батырлықты дәріптейтін оқиғаларға толы. Апатқа қарсы күресте азаматтық қорғау органдарының басшылығы мен күштері өздерінің тиімділігін үнемі көрсете білді, төтенше жағдайлар кезінде азаматтарды,