
- Өңірімізде ашылған өз бетінше тұратын үйдің нәтижесін олармен бірге талқыладым. Кеше мен алғашқы оң нәтижелердің куәсі болдым. Атап айтсам, көп пациенттер мамандардың көмегінсіз өз бетінше тамақ дайындауды, кір жууды, автобустарды пайдалануды үйренді. Кейбіреулер өз қолдарымен жасалған өнімдерін Instagram арқылы сатуды бастапты. Бұл үй алдағы уақытта да біздің жіті бақылауымызда болады. Бүгінгі күні үйдің ауласында көкөністер мен шөптерді өсіруге арналған шағын жылыжай болса, қолөнер жабдықтарының тағы бірнеше түрі сатып алынды. Сонымен қатар, 6 кәсіпкермен келісім жасалып, 7 адам жұмысқа орналасты. Бүгінде олар өз бетінше табыс табуда. Өңіріміздегі белсенді азаматтық ұстанымы жоғары кәсіпкерлеріміз-"Постмэн "жарнама агенттігі" ЖШС (Боранбаев Ермек), "Нұралы" ЖК (Құсайынова Дамира), "Абатов Қуанжан" ЖК, "Жоламанова Ақтоты" жеке кәсіпкерлігіне шынайы алғысымды білдіремін. Біздің келесі кезеңіміз - осы үйдін тұрғындарын қоғамдық ортаға дайындап шығару. Үй директорының айтуынша, олардың кейбіреулері ата-анасына, отбасына оралмақ. Ал ата-анасы жоқ балалар үшін біз тұрғын үй мәселесінің шешімін қарастырамыз. Біз бұл ретте алдымен жұмыс берушімен сөйлесеміз. Егер ұзақ мерзімді еңбек шартына қол қою мүмкіндігі болса, "Отбасы банкі" арқылы жұмыстың жанынан шағын пәтер немесе үй алу мүмкіндігін қарастыруға болады. Сондай-ақ, бұл бағытта облыстық бюджет есебінен адам басына 1,5 миллион теңге сомасында тұрғын үй сертификаттарын беру көзделген. Бұл банкке алғашқы жарна жасау және жеңілдетілген несие алу үшін жеткілікті болуы керек, - деп Ғали Есқалиев өз парақшасында жазған.Біз әр оқырманымызды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысып шығыңыз. Али ЖУМАНОВ