БҚО әкімі депутаттар алдында есеп берді
12 қазан күні облыстық мәслихаттың кезекті 14-сессиясы өтті. Депутаттар алдында облыс әкімі Ғали Есқалиев есеп берді. Халық қалаулылары күні бұрын әкімнің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасының тезистерімен танысып, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында талқылаған еді. Сондықтан сессия жұмысы бірден сұрақ-жауап сипатында өрбіді. Облыстық мәслихаттың депутаты, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев өңір басшысынан облыс орталығының қысқа дайындығы, жылу-қуат орталығының газ турбинасына қатысты мәселенің қай деңгейде шешілгенін, Жайық