БҚО әкімі жастармен кездесті
Республика күні қарсаңында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Өңір басшысы өз жұмысын кеңейтілген мүмкіндіктермен жалғастырып жатқан «Жастар бастамасын дамыту орталығының» қызметімен танысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Жеті қазына» жобасы аясындағы жас күйшілер байқауын тамашалады. Алдымен облыс басшысы Ғ.Есқалиев пен университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов қосалқы ғимаратта жұмысын бастаған «Жастар бастамасын дамыту орталығының» лентасын қиып, салтанатты рәсі