БҚО-да калий тыңайтқыштары өндіріле ме?
Облыстық кәсіпкерлің және инновациялық-индустриалдық даму басқармасының басшысы Жұмакелді Батырниязовтың айтуынша, Ақжайық ауданындағы Сәтимолла және Теректі ауданындағы Шалқар кен орындарында калий тыңайтқыштары зауытының құрылысын салу жобасы басталады. Батысқазақстандық «SRPM Resources Ltd» ЖШС бұл жобаға 436 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлаған. Инновациялық жоба іске қосылғаннан кейін зауытта 1400 адамға жұмыс орны болады. Жобаның негізгі міндеттері – елімізде калий тыңайтқыштарының заманауи инновациялық өндірісін құру. – Жобаның «жандануымен» өңір экономикасына әсері білінетін жаңа і