БҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы талқыланды
Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде Алтай Көлгіновтың төрағалығымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының өңірде орындалуына бағытталған кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, сала басшылары және онлайн режимінде аудан әкімдері қатысты. Кеңесте сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов аталмыш бағдарлама аясында облыс көлемінде атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттерге тоқталып өтті. «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз м