БҚО-да жаңа мектеп тапсырылды
Ұлттық мереке - Республика күніне орай Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданының Щапово ауылында Бауыржан Момышұлы атындағы 420 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осыған дейін аталған мектеп оқушылары 120 орынға арналған ғимаратта білім алып келген. Жаңа мектепті сапалы әрі жаңа үлгіге сай етіп СКФ ЖШС “Отделстрой” компаниясы салды. Жаңа мектеп толықтай жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Смарт класс, кең акт залы, спорт залы, асхана, шеберханалары бар. Мектеп ауласында бірнеше спорт алаңдары орналастырылған. Мектеп ұжымы оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық әдіс-тә