БҚО шаруалары мал азығын артығымен жинады
Биыл қыста Батыс Қазақстан облысында 1 млн 22,5 мың шартты бас мал қыстақта бағылады. Төрт түліктің қорегіне 1 млн 940,3 мың тонна шөп, сонымен қатар қыстақта 748,8 мың шартты мал басына 229,7 мың тонна жемдік мал азығы қажет. Шөпке шалғы түскен мезеттен мал азығын молынан жинауға қамданған шаруалар жоспарды артығымен орындады. Өткен жылы әр гектардан 4 центнерден өнім алынса, биылғы шығым жақсырақ. Өйткені жазғытұрым ылғал мол болып, шаруалар тарықпайтындай жеткілікті көлемде өнім алудан үмітті болып еді. Биыл 55,7 мың гектар көлтабан мен табиғи шабындықтарға көктемгі қар суы барған. Бұл шабы