Без рубрики
Бүгін Орал қаласында жедел жәрдем стансасына 21 су жаңа авто көлік табыс етілді
Осылайша медициналық қызмет көрсетудің сапасын оңалту үшін тағы бір іс-шара қолданылып, шақырту түскен мекен-жайға аттанатын көліктер саны артты. Бұл науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін маңызды мәселе. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысып, жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты. Айта кетейік, қазір бұл сала электронды сандық жүйе арқылы жұмыс жасауға көшуде. Жедел жәрдемнің-техникалық базасын нығайту-адам өмірін құтқарып қалу үшін өзекті мәселе. Осыған дейін бұл саладағы техниканың тозуы 50 пайызды құраса, енді бұл көрсеткіш төмендемек.