Бөрлі ауданына «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы іс-сапармен келді
Бүгін Бөрлі ауданында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы "Адалдық алаңы" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байғұлов пен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет жұмыс сапарымен келді. Төлеген Байғұлов Ақсай қаласы әкімдігіндегі "Қолжетімді әкімдік" жобасының жұмысымен танысты. Ол келушілер үшін қолайлы жағдайларды ұйымдастыруға қатысты ескертулер жасады. Аудан, қала әкімдігі өкілдерінің және жауапты мердігерлермен бірге ауданға келген