Бөрлі ауданында әлеуметтік сала қызметкерлері күні атап өтілді
Бүгінде Бөрлі ауданы бойынша 250 адамға қамқорлық көрсетіледі. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, тыл ардагерлері мен жалғызбасты қариялар бар. Қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстанда әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 2011 жылы Ел Президентінің Жарлығымен бекітілді. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, жалғыз басты қарияларға қамқор болып жүрген жандардың кәсіби мерекесі Ақсайда Бөрлі ауданының 85 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары А. Тоғжанов