Бөрлі ауданында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы оқушыларына 600 планшет сатып алынды
Биылғы оқу жылында аудан педагогтарының қатары 35 жас маманмен толықты. Олар Орал, Алматы қалаларында педагогикалық оқу орындарын тәмамдаған. Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов еңбек жолын бастағалы тұрған жас ұстаздарымен кездесті. Жыл сайын өтетін тамыз кеңесімен жалғасқан шарада білім саласының қызметкерлері онлайн форматқа қосылып, жиын барысында жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен жоспарларды талқылады. Жылдағы дәстүрге айналған кездесуде аудан әкімі Миржан Сатқанов алдымен жас мамандарға сәттілік тілеп, мұғалімдердің қоғамда алар орындары бөлек екенін айтып, білім мен ізділікке үндеді.