Бөрліде 1970 адамға қаржылай көмек берілді
Елбасы, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде «BIRGEMIZ» қоғамдық қоры құрылған болатын. Бұл қор қауіпті індет жайлаған тұста халықты қаржылай қолдау мақсатын көздейді. Облыста 50 мың тенге бұған дейін Орал қаласының тұрғындарына берілген еді. Енді ауылдық ағайынға да көмек көрсетіле бастады. Бөрлі ауданында 1970 тұрғын қаржылай қолдауға ие болған. Бақытгүл Айсағұлова күміс алқалы ана. Алты балалы отбасы мемлекеттен жан-жақты көмек алып келеді. Балаларының алды студент болса, кішісі балабақшада. Бұл отбасы қолдауға мұқтаж. Балалақша әдіскері боп қызмет ат