• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БЕЙНЕКАМЕРАЛАР КӨМЕГІМЕН 67 ҚЫЛМЫСТЫҢ ІЗІ СУЫМАЙ АШЫЛҒАН

Орал қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау 83 бейнебақылау камерасының көмегімен жүзеге асырылады. Одан өзге «Қауіпсіз аула» жобасы аясында көп қабатты үйлерге 103 қондырғы орнатылған. Жыл басынан бері облыс орталығында орын алған 67 қылмыстың ізін суытпай ашуға дәл осы бейнебақылау жүйесі сеп болған. Орал қаласындағы тәртіп тәулік бойы сақшылардың назарында. Көше қиылыстары мен қалаға кіреберіс жолдар, қоғамдық орындарда 83 бейнебақылау қондырғылары орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 20-сы іске қосылмақ. Заманауи құралдар қылмыстың ізін суытпай ашуға зор септігін тигізіп отыр. - Қазіргі
БЕЙНЕКАМЕРАЛАР КӨМЕГІМЕН 67 ҚЫЛМЫСТЫҢ ІЗІ СУЫМАЙ АШЫЛҒАН
Орал қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау 83 бейнебақылау камерасының көмегімен жүзеге асырылады. Одан өзге «Қауіпсіз аула» жобасы аясында көп қабатты үйлерге 103 қондырғы орнатылған. Жыл басынан бері облыс орталығында орын алған 67 қылмыстың ізін суытпай ашуға дәл осы бейнебақылау жүйесі сеп болған.
kamera
kamera
Орал қаласындағы тәртіп тәулік бойы сақшылардың назарында. Көше қиылыстары мен қалаға кіреберіс жолдар, қоғамдық орындарда 83 бейнебақылау қондырғылары орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 20-сы іске қосылмақ. Заманауи құралдар қылмыстың ізін суытпай ашуға зор септігін тигізіп отыр. - Қазіргі таңда камералардың көбеюіне байланысты қылмыстың ашылу пайызы көбейіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл 67 қылмыс тіркеліп, осы жаңа технологияның көмегімен ашылып отыр. Соның ішінде автокөлікті ұрлау, кісі тонау, көңіл көтеру орындарында болған қылмыстардың 17-сі осы камералардың арқасында ашылып отыр, - дейді жедел жоспарлау басқармасының бастығы Манарбек ҚАТАШЕВ. Бұдан өзге қалада «Қауіпсіз аула» жобасы аясында 103 бейнекамера жұмыс істеп тұр. Облыс орталығындағы 24 учаскелік полиция бекеті арқылы аулалар мен үй аумағындағы ахуал қадағаланады. Талдаулар бейнебақылаумен қамтылған тұрғын үйлер маңында бұзақылық пен өзге де қылмыстардың азайғанын көрсетіп отыр. Жыл басынан бері дәл осы жүйе арқылы 700-ден астам құқық бұзушылықтың анықталғандығын да айта кеткен жөн. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары білім беру ұйымдарында да қолға алынған. Шаһардағы тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз етуге билік мүдделілік танытуда. «Смарт-Сити» жобасы аясында қала көшелері мен қоғамдық орындарға 200 бейнекамера орнату көзделіп отыр. - Біз Орал қаласы бойынша 200 бейнекамера орнатуды көздеп отырмыз. Оның 36-сы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған. 160-ы қоғамдық орындарға, ал 5-еуі интеллектуалды көше қиылыстарына орнатылады. Сондай-ақ болашақта салынатын тұрғын үйлердің жобасында бейнекамераларды орнату ескерілуі тиіс. Біз бұл туралы құрылыс компанияларымен сөйлесудеміз. Осылайша әр ауладағы ахуалды қадағалап, тұрғындардың тыныштығын сақтауға мүмкіндік жасамақпыз, - дейді Орал қаласының әкімі Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ. Одан өзге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 160 бейнекамера орнату жоспарда бар. Тәртіп сақшыларының айтуынша, болашақта 500-дей бейнеқондырғы халықтың тыныштығы үшін қызмет етпек.  
Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article