Бірқатар батысқазақстандық мемлекеттік наградаға ие болды
Азаттық - алтын діңгек. Оның арқасында еліміз дамудың сара жолына түсіп, ұланғайыр істер тындырылды. Жас мемлекетімізді төрткүл дүние түгел таныды. 26 жыл бұрын мұндай жетістіктер қазақстандықтар үшін арман еді. Мәселен биыл еліміз БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің қатарына еніп, халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізді. Ширек ғасырдан астам уақыттағы облыстың табысы да толайым. Мәселен егеменді жылдары өңірдегі өнеркәсіп көлемі 3000 есеге өссе, жалпы өңірлік өнім 2300 есеге артты. 4 млн. шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, 60 мектеп, 80 денсаулық, 105 мәдениет мекемесі іске қос