Биыл мүлік салығын жекеменшік үй мен пәтер иелері неге төлемейді?
Биыл мүлік, жер салығына үйреншікті түбіртекті алмай, жұрт алаңдаулы. Қымбаттайды деген де қауесет бар. Біреулер биыл төлемеуге болады дейді. Ақиқаты қандай? Өзгеріс жаңа Салық кодексіне байланысты екен Салық туралы кодекске өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуіне байланысты жеке тұлғалар үшін мүлік пен жер салығын төлеудің мерзімі өзгеріпті. Анығында, бір жылға кері шегерілген. Сонда қалай болады? Ол туралы кейінірек тармақтаймыз, алдымен салықтағы өзгерістерге қатысты кейбір жәйттерге тоқталайық. Сонымен, Мемлекеттік кірістер департаментінің бізге ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, биылдан б