Биыл облысымызда 3748 түлек ҰБТ тапсырады
Биыл облыс бойынша мектептерден 5 192 түлек қанат қақса, соның 72 пайызы ҰБТ тапсырады. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова маңызды білім сынағы туралы баян етті. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматта өткізілмек. Түлектер 5 пән бойынша емтихан тапсырса, оның үшеуі - міндетті пәндер. Атап айтқанда, Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық. Ал қалған екі пәнді түлектер қалаған мамандығына сәйкес таңдайды. - Жалпы, тест 120 сұрақтан тұрады. Берілетін уақыт – 3,5 сағат. Жоғары балл – 140 болса, шекті