Қала күні қарсаңында 2 үй тапсырылды
Қала күні қарсаңында Оралда екі тоғызқабатты тұрғын үй тапсырылды. Оның бірі Зачаган кентінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына берілді. Ал екіншісі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында апатты үйдің тұрғындарына арнап салынған Депо көшесіндегі 90 пәтерлік жаңа баспана. Зачаган кентіндегі 9 қабатты еңселі үй «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына арнап салынған. Қала күні мерекесінде оралдық 180 отбасы екі есе қуанышқа бөленді. Бүгін оларға жаңа пәтердің кілттері табыс етілді. Мемлекеттік бағдарламалар көмегімен өңірде баспаналар құ