Қала күні тойланады
Қыркүйек айында дәстүрлі түрде қала күні аталып өтеді. Мереке қарсаңында Орал қаласына Ақтау, Ақтөбе, Атырау және көршілес Ресей Федерациясы, сондай-ақ, Түркия елінің Маниса қаласынан өкілдер келеді деп күтілуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов пен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұқанғалиев мерекелік шаралар туралы айтты. Қала күніне орай тамыз айында ауданаралық «Туған жер» атты өнер фестивальі шымылдығын түрді. Ал қалған шаралар 2 қыркүйектен бастау алады. Аталған күні «Жайық» қалашығында тарихи