Қала күніне орай тынымбақ жаңартылды
Сүйікті шаһарымыздың төл мерекесі қарсаңында оралдықтар атқарылған бірқатар жарқын істердің куәсі болуда. Солардың бірі жаңартылған Пушкин тынымбағы. Көптен күткен салтанатты сәтпен тұрғындарды қала басшылығы құттықтады. Бүгін ертегі кейіпкерлеріне лық толы тынымбаққа жиналғандар бір сәтке ғажайыптар әлеміне түскендей күй кешті. Ақын мүсінінің алдында оқушылар өлең оқып, тетрландырылған көріністер қойды. Орыс халқының ұлы классигінің шығармалары түрлі жастағы оқырмандар арасында үлкен қызығушылыққа ие. Ал, бүлдіршіндердің қиялына қанат бітірген таңғажайып ертегілердің ұрпақ тәрбиесінде алар өз