Қалада қоғамдық көлік қатаң бақылауға алынады
Бүгін қалалық әкімдікте қоғамда қызу талқыланып жатқан автобустардың жол апатына қатысты жиын өтті. Баспасөз мәслихатына жолаушы тасымалдаушылар да қатысты. Қала әкімі қоғамдық көліктерге қатысты қордаланған мәселерді жіпке тізіп, қатаң шаралар қолданылатынын қадап айтты. Жолда жарыс ұйымдастыратын қоғамдық көлік жүргізушілері жайлы шағым бұрыннан айтылып келеді. Автобустардағы тазалық мәселесі, жүргізушілердің ұялы телефонмен сөйлесуі, кондукторлардың мәдениетсіздігі - жолаушылардың әбден шымбайына батты. Тек үш күннің ішінде «Автобус» жедел алдын алу шарасының нәтижесінде 70 шопырға телефонм