Қаладағы 48 мектепте алғашқы сабақ басталды
Білім күніне орай Орал қаласының барлық білім ордасында мерекелік жиын өтті. Ертеңгілік қалалық №19 орта мектепте де ерекше сән-салтанатпен ұйымдастырылды. Ұстаздар қауымы, ата-аналар мен шәкірттер бір-бірін мейраммен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тілесті. Орал қаласының әкімі М.Мұқаевта жарқын шараның куәсі болды. Қаладағы №19 мектептің ашылғанына биыл 47 жыл. Білім ордасында осы жылы 1330 оқушы тәлім алады. Мектепте 107 мұғалім шәкірттердің көкірек көзін ашпақ. Ғимарат жанынан ашылған шағын орталықта 75 бөбек тәрбиеленеді. - 1970 жылдың 5 қазанында алғаш рет республика бойынша ағылшын