Қалалық өнер ұжымдары – Астана төрінде
«Ақжайық ақ жүрекпен ән салады». Бас қала төрінде өткен Орал қалалық өнер ұжымдарының концерті осылай аталды. «Қазмедиа» концерт залында ұйымдастырылған сазды кеш бай мазмұнды бағдарламасымен ерекшеленді. Алдымен, концертке келген көрерменді фойеден қалалық скрипкашылар ансамблі сазды әуенмен қарсы алды. Оралдың көрікті жерлері мен сұлу табиғатынан, әдебиеті мен мәдениетінен хабар берер шағын кітап, фотокөрме де жұртшылық назарын аударды. Сахна шымылдығы «Оралым» фольклорлық ансамблі мен «Арна» би ұжымының ұлттық нақыштағы өнерімен ашылды. Бұдан соң камералық оркестрдің орындауындағы классикал