• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЗАҢСЫЗ ТӨККЕН КОМПАНИЯДАН ҚАРЖЫ ӨНДІРІЛДІ

Табиғат қорғау прокуратурасының ықпал ету актісімен БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бұрғылау қалдықтарын заңсыз орналастырғаны үшін «Орал Ойл энд Газ» ЖШС-дан облыс бюджетіне 2,07 млрд теңге салық төлемін өндірді. БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өнеркәсіп қалдықтарын жоятын кешеннің жоқтығына байланысты аталған серіктестік қауіпті бұрғылау қалдықтарын облыс аумағынан тыс жерге тасу үшін тасымалдаушы ұйымдармен келісім-шарт жасаған. Бұл аталған қалдықтардың рұқсат берілмеген жерлер: елді мекендер мен мемлекеттік қорықтар маңына, Орал қаласы ме
ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЗАҢСЫЗ ТӨККЕН КОМПАНИЯДАН  ҚАРЖЫ ӨНДІРІЛДІ
  Табиғат қорғау прокуратурасының ықпал ету актісімен БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бұрғылау қалдықтарын заңсыз орналастырғаны үшін «Орал Ойл энд Газ» ЖШС-дан облыс бюджетіне 2,07 млрд теңге салық төлемін өндірді.  
shlam-3
shlam-3
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өнеркәсіп қалдықтарын жоятын кешеннің жоқтығына байланысты аталған серіктестік қауіпті бұрғылау қалдықтарын облыс аумағынан тыс жерге тасу үшін тасымалдаушы ұйымдармен келісім-шарт жасаған. Бұл аталған қалдықтардың рұқсат берілмеген жерлер: елді мекендер мен мемлекеттік қорықтар маңына, Орал қаласы мен Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы жерлеріне бақылаусыз орналастырылуына «мүмкіндік берген». ҚР Экологиялық кодексінің 283-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар өздерінің қызметі нәтижесінде құралатын өндіріс және тұтыну қалдықтарының меншік иесі және соған жауапты болып табылады. Анықтама: Бұрғылау - бұрғы жәрдемімен тұтас материалдың жоңқасын жонып алу жолымен бітелмеген немесе бітеу цилиндрлік тесік тесу процесі; тау жыныстарын бұзу арқылы қимасы дөңгелек болатын кен қазбасын жасау процесі. Жер қыртысын геологиялық зерттеу, кен орындарын іздеу және барлау, жер астынан қатты, сұйық және газ күйіндегі түрлі кен байлықтарды алу, батпақты жерлерді құрғату, жер асты коммуникацияларын жүргізу, т.б. көптеген жұмыстар Бұрғылау арқылы іске асырылады. Ұңғыма Бұрғылау кезінде тау жыныстарын бұзып қопарудың қазір қолданылып жүрген тәсілдері негізінен екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі — бұрғылау аспабының тікелей әсер етуі арқылы тау жыныстарын бұзып қопаратын механикалық әдіс, ал екінші тәсіл бойынша тау жыныстары әр түрлі физикалық (термиялық, ультрадыбыстық, т.б.) әсерлер арқылы бұзылады. Бұрғылаудың механикалық әдісі айналдыра бұрғылау және соққылап бұрғылау болып екіге бөлінеді. Бұрғылау аспабының түріне (шнекті, штангалы, алмасты, тісті доңғалақты, т.б.), бұрғылау машинасының түріне (перфораторлы, пневмосоққылы, турбиналы, т.б.), сондай-ақ, ұңғыма қазудың тәсіліне (көлбеу, тармақты, т.б.) қарай Бұрғылау бірнеше түрге бөледі.  
Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article