• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ

«Үлкенге құрмет – кішіге міндет». Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен қайырымдылық айлығы аясында бүгін аға ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты шарада сахнадан ән-күй төгіліп, тарту-таралғы жасалды. Облыстық ардагерлер кеңесі мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өткен кеш қариялардың қамқорлықсыз қалмайтынын айғақтайды. Өмірге құштар қарт майдангерлер мен еңбек ардагерлерімен жүздесу - қашан да бойға қуат, көңілге медет. Өйткені қарты бар үйдің – қазынасы бар. Қайтпас қажыр иелерін қариялар күнімен облыс әкімінің орынбасары МАРАТ ТОҚЖА
ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ
«Үлкенге құрмет – кішіге міндет». Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен қайырымдылық айлығы аясында бүгін аға ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты шарада сахнадан ән-күй төгіліп, тарту-таралғы жасалды. Облыстық ардагерлер кеңесі мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өткен кеш қариялардың қамқорлықсыз қалмайтынын айғақтайды.
veteran4
veteran4
Өмірге құштар қарт майдангерлер мен еңбек ардагерлерімен жүздесу - қашан да бойға қуат, көңілге медет. Өйткені қарты бар үйдің – қазынасы бар. Қайтпас қажыр иелерін қариялар күнімен облыс әкімінің орынбасары МАРАТ ТОҚЖАНОВ құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Облыста 83 мың зейнеткер бар. Соның 173-і - Ұлы Отан соғысының ардагері, 9 мыңнан астамы - тыл еңбеккері. Қайырымдылық айлығы аясында оларды дәрі-дәрмекпен қамту, материалдық көмек көрсету шаралары ұйымдастырылған. Өткен жылғы айлық аясында 40 мыңдай қарияға 112 млн теңге көлемінде жәрдем жасалған. Биыл да бұл межеден шығу жоспарда. - Жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен және жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, түрлі көмек көрсетілуде. Мәселен, айдың онкүндігінлде 3 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне  материалдық көмек көрсетілді. Қариялардың үйі жөнделді. Дәрі-дәрмек берілді, - дейді БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әб басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы МИРГҮЛ ҚҰРМАНБАЕВА. Тәуелсіздік жылдары елдің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер құрметтен тыс қалмайды. Бүгінде олар қоғамдық жұмысқа белсене аралысып келеді. Көрсетілген құрметке қариялар да риза. - Бізді үнемі жастармен кездесуге шақырады. Балалар бойында патриоттық тәрбиені сіңіруге қал-қадірімзше үлес қосып келеміз. Ұмытпайтындарына рахмет, - дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы МЫРЗАҒАЛИ МҰХАМБЕТОВ. Қайырымдылық айлығы қараша айына дейін жалғасады. «Халықаралық қариялар мерекесі» 1990 жылдың 14 желтоқсанында бекітілген болатын. Оның құрылуына Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бастамашы болды. Содан бергі уақытта бүкіл әлем бойынша жыл сайын осы мейірімге толы мереке аталып өтіледі. Одан бұрын 1982 жылы Қартаю проблемасы бойынша Халықаралық Веналық жоспар қабылданған болатын. Ал 1991 жылы БҰҰ қарт адамдарға қатысты қағидалары қабылданды. Аталмыш күннің мақсаты қарияларымызға, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедек қарияларға қоғамның назарын аудару, сондай-ақ оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де көмек түрлерін көрсету. Халықаралық қариялар күні шеңберінде тегін концерттер, қайырымдылық қойылымдар мен түрлі шаралар өткізіледі. Ал, Бас кеңсе тарапынан болса, өзіміздің қамқорлығымызға алынған әжелерімізге барып, құттықтап, қажетті заттарын түгендеп бердік.  
Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article