• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы шарықтап кетті

Елордада «ҚазМұнайГаз» жанарамай құю стансаларында АИ-92 маркалы бензин бағасы көтерілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетерлігі, АИ-92 маркалы бензин тек Астанада ғана емес сонымен бірге еліміздің барлық қалаларында литріне үш теңгеге қымбаттап, 128 теңгеге жетті. Бұған дейін АИ-92 литрі 125 теңге болған еді. Ал АИ-95 маркалы бензиннің бағасы «ҚазМұнайГаз» стансаларында 142 теңгеге жеткен. «ҚазАқпарат» тілшісіне «ҚМГ» call-орталығынан АИ-92 бензинінің бағасы 27 қазаннан бастап көтерілгенін айтты. Бүгінде АИ-92 маркалы бензин «Номад» стансасында литрі 127 теңгеден, Helios-те 129 теңгеден, ал
Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы шарықтап кетті
Елордада «ҚазМұнайГаз» жанарамай құю стансаларында АИ-92 маркалы бензин бағасы көтерілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
benzin
benzin
Айта кетерлігі, АИ-92 маркалы бензин тек Астанада ғана емес сонымен бірге еліміздің барлық қалаларында литріне үш теңгеге қымбаттап, 128 теңгеге жетті. Бұған дейін АИ-92 литрі 125 теңге болған еді. Ал АИ-95 маркалы бензиннің бағасы «ҚазМұнайГаз» стансаларында 142 теңгеге жеткен. «ҚазАқпарат» тілшісіне «ҚМГ» call-орталығынан АИ-92 бензинінің бағасы 27 қазаннан бастап көтерілгенін айтты. Бүгінде АИ-92 маркалы бензин «Номад» стансасында литрі 127 теңгеден, Helios-те 129 теңгеден, ал Аурикада 131 теңгеден сатылуда. Есте болса, 9 қыркүйек күні Астана «ҚазМұнайГаздан» басқа барлық жанармай құю стансасында АИ-92 бензині қымбаттаған еді. Одан кейін 1 қазанда дәл осы «ҚазМұнайГазда»АИ-92 бензинінің бағасы литріне бірден 130 теңге жеткенімен біраз уақыттан соң қайта төмендеген болатын 2015 жылдың қыркүйегінде Қазақстан АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты. Осы жылдың 28 шілдесінде дизель отыны бағасын да мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Сонда ҚР энергетика министрлігі дизель отынына мемлекеттік реттеуді алып тастау қажет деп есептейді. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті. «Расында біз жазғы маусымда дизель отынына жасалатын реттеуді алып тастау бойынша бастаманы көтеріп отырмыз. Оған себеп бірқатар факторлар бар. Бірінші кезекте бағаның көрші елдердегі бағадан алшақтығы, Ресей Федерациясында оның құны литріне 185 теңге болса, Қазақстанда — 99 теңге», — дейді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, дизель отыны Ресейге де, Қырғызстанға да көп мөлшерде тасымалдануда. «Қазақстанның шекараға жақын өңірлерінде дизель отынының тұтынуы жоғары екенін байқаймыз. Транзиттік көліктер Қазақстаннан дизель құйып алуды жөн санайды. Сонымен қатар жүк көліктері де заңға сай дизель отынын өздерінің бөшкелеріне толтырып, күніне бірнеше рет тасымалдауды кәсіп етіп алған», — деді ол. Осы себептен министрлік дизель отынына мемлекеттік реттеуді алып тастауды жоспарлауда. Бұның алдында хабарлағанымыздай, реттеу алынып тасталатын болса, күзгі мезгілде Қазақстанның дизель отыны 115 теңгеге дейін жоғарылауы ықтимал. Дегенмен қысқы уақытта сұраныстың жоқтығынан, ол қайтадан 99 теңгеге түседі.
Главный баннер --> after article