Без рубрики
Қазақстандық мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды
Бүгінде мемлекеттік қызметте әрбір адамның жұмысын бағалау жүйесі енгізілген. Алайда оны бонустарды төлеу жүйесіне әлі қосқан жоқ. Аталған екі жүйені өзара үндестіріп, іске қосқаннан кейін барлық сыйақылар мемлекеттік қызметкердің жеке жетістіктеріне сәйкес төленетін болады деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Негізі, мемлекеттік қызметте «13-ші жалақы» деген сыйақы жоқ. Үстемеақы мен сыйақы дегендер бар. Алайда қазіргі міндетке сәйкес, әрбір мемлекеттік қызметкердің жалақысы жұмыстың нәтижесі бойынша төленуі керек. Сол себепті бүгінде жаңа жүйе әзірленді. Оның аясында барлық бонустар еңбектің нәтижесі