Администрация сайта «Мой ГОРОД»: информационное агентство «mgorod.kz».

Собственник: ТОО «Медиастарт 2012».

Свидетельство о постановке на учёт ППИ №KZ55VPI00069267 от 28.04.2023 года, выдано МИОР РК.

Дата и номер первичной постановки на учёт №16487-ИА от 04.05.2017.

Директор: Карин Е.

Главный редактор: Кайнеденова А.Б.

Уральск, улица Нурпеисовой, 12/1, офис №102.

Материалы, опубликованные со знаком ®, а также под рубриками «Новости компаний», «Бизнес» и «Выборы» носят рекламный характер. Ответственность за них несёт рекламодатель.

Қазақстандық шорт-трекшілер Олимпиаданың ширек финалына шықты
Қазақстандық шорт-трекшілер 500 метр қашықтыққа жүгіру сайысында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. Жарыстың қорытындысы бойынша Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев пен Абзал Әжғалиев ширек финалға өтті. Үш отандасымыз да қосымша мүмкіндікке ие болды. "Cайыстың басында конькидің жүзін ауыстыруға тура келді. Сол себепті мұқият жүгірдім. Бұл 500 метр, мұнда бәрі бірін-бірі соғып, қақтығысады", — деді Денис Никиша. "Шорт-тректе сәттілік өте маңызды. Мұнда ең мықты спортшылар жиналды. Маған қарсы ереже бұзған қытайлық әлемдегі ең белді шорт-т
Қазақстандық шорт-трекшілер 500 метр қашықтыққа жүгіру сайысында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Жарыстың қорытындысы бойынша Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев пен Абзал Әжғалиев ширек финалға өтті. Үш отандасымыз да қосымша мүмкіндікке ие болды.
"Cайыстың басында конькидің жүзін ауыстыруға тура келді. Сол себепті мұқият жүгірдім. Бұл 500 метр, мұнда бәрі бірін-бірі соғып, қақтығысады", — деді Денис Никиша.
"Шорт-тректе сәттілік өте маңызды. Мұнда ең мықты спортшылар жиналды. Маған қарсы ереже бұзған қытайлық әлемдегі ең белді шорт-трекшілердің бірі. Ширек финалға шыға алғаныма қуаныштымын. Енді жартылай финалға жолдама алуға тырысамын", — деп атап өтті Нұрберген Жұмағазиев.