Құрбан айт мерекесін ұйымдастыруға барлық коммуналдық қызмет атсалысады
Шаһар басшысының міндетін атқарушы Мирболат Нұржанов қала әкімдігінде өткен жиында осындай тапсырма берді. Игілік пен мейрімділік мейрамында жоқ-жітік жандарға құрбанға шалынған малдың еті үлестіріліп, "Мектепке жол" акциясы өткізілмек. Бұдан өзге мешіттер жанында спорттық шаралар оздырылады деп күтілуде. Құрбан - араб тілінде "жақындау", яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу дегенді білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - «шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбандыққа түйе, сиыр, қой, ешкі малы шалынады. Жылқы мен