Құрылыс саласында 3d жобасы қолданылмақ
Өңірде құрылыстағы 3D жобасын енгізудің алғашқы қадамдары басталды. Финляндиялық «Соllapraime» компаниясының маманы жаңа жобаға қатысты ашық семинар өткізді. Облыс әкімі Алтай Көлгінов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде құрылыс саласындағы 3D жобасымен танысып, өңірімізде қолданысқа енгізу керек деп шешкен еді. 3D жобасының ерекшелігі - әлі бой көтермеген нысанның әр бөлігін компьютер арқылы көруге мүмкіндік береді. Тіпті құрылысқа қажетті материалдардың мөлшерін, құрал-жабдықтардың қойылатын орнын анықтауға да болады. Финляндиялық маман Тони Линдкуист өңіріміздің құрылыс саласы мамандарына с