Құрылысшылар кәсіби мерекесін атап өтті
Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиын орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті. Облыстың құрылыс саласына қарқынды даму үрдісі тән. Тіпті қиын кезеңде де тұрғын үй салу, жол төсеу, құбыр жүргізу ісі толастаған емес. Саланың өркендеуіне «Қолжетімді баспана», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» сияқты мемлекеттік бағдарламалар себепші болуда. Мысалы былтыр көп қабатты он үй мен 113 жеке тұрғын жай іске қосылды. Осылайша облыс бойынша 392 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 42,5 пайызға жоғары. Ал биыл бұл шаруаға 17 млрд. теңге бағытталып отыр. Өз кезегінде