Қымбатшылықтың алдын алуға 350 млн. теңге бөлінген
Барлық өнім бағасының күрт қымбаттауы қарапайым халықтың қалтасына аз салмақ салмай отыр. Бір ғана жалақы мен зейнетақыға қараған қарапайым тұрғындар қайда баға арзан, соны іздеп, арнайы жəрмеңкелерді сарыла күтетін болған. Сондағысы 20-30 теңге болса да үнемдем, отбасы қарекетін жасау. Қазіргі таңда халық жиі тұтынатын күнделікті азық-түлік өнімдерінің қақының өзі шарықтап барады. Ал осы азық-түлік бағасының қымбаттауының алдын алу үшін билік қандай шара қолдануда? Жалпы қор жеткілікті ме? Осы сұраққа жауап іздеп көрген болатынбыз. Бүгінде қорда 200 тонна астық, 30 тонна қарақұмық, 1000 тонна