Без рубрики
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Тәуелсіздікке 25 жыл: аймақтағы үкіметтік емес сектордың дамуы мен келешегі». Бүгін осындай атаумен Оралда кеңейтілген форум өтті. Шараға өңір аудандары мен облыс орталығындағы ҮЕҰ, мемлекеттік орган және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Форум аясында түске дейін секциялық бөлімдер жұмыс істеп, түстен кейін пленарлық отырыста өңірдегі қоғамдық ұйымдардың жай-күйі, түйіткілді мәселелері мен алдағы міндеттері талқыланды. Азаматтық қоғам құруда үкіметтік емес ұйымдардың орны ерекше. Олардың қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудегі маңызы ескеріліп, жылдан жылға қаржыландыру көлемі еселеніп