• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

ҰЛТТЫҚ ҚОР ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫ – ПАРТИЯЛЫҚТАР БАҚЫЛАУЫНДА

Өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 35 жоба іске асырылуда. Құрылыс, су, жылу желілерін жаңғырту жұмыстарына қаражат Ұлттық қордан бөлініп отыр. Қомақты қаржының тиімді жұмсалуын «Нұр Отан» партиясы жанындағы комиссия өкілдері бақылауда. Бүгін кезекті комиссия мүшелері бірнеше нысандардың жұмысымен танысып, оған өз бағаларын берді. Өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 35 жоба қолға алынса, соның 27-сі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және су, жылу желілерін жаңғырту бойынша құрылыс нысандарын жүргізу. Бұған Ұлттық қордан 5,7 млрд теңге бөлінген. Маңызды жобалардың
ҰЛТТЫҚ ҚОР ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫ – ПАРТИЯЛЫҚТАР БАҚЫЛАУЫНДА
Өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 35 жоба іске асырылуда. Құрылыс, су, жылу желілерін жаңғырту жұмыстарына қаражат Ұлттық қордан бөлініп отыр. Қомақты қаржының тиімді жұмсалуын «Нұр Отан» партиясы жанындағы комиссия өкілдері бақылауда. Бүгін кезекті комиссия мүшелері бірнеше нысандардың жұмысымен танысып, оған өз бағаларын берді.
doroga
doroga
Өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 35 жоба қолға алынса, соның 27-сі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және су, жылу желілерін жаңғырту бойынша құрылыс нысандарын жүргізу. Бұған Ұлттық қордан 5,7 млрд теңге бөлінген. Маңызды жобалардың бірі – М.Мәметова көшесі бойындағы су құбырының жаңғыртылуы. Құрылыстың жалпы құны - 366 млн теңге. Шілдеде басталған жұмысты екі аптадан соң аяқтау көзделген. - М.Мәметова көшесінің Неусыпов көшесінен бастап Куличев көшесіне дейінгі бөлігі не су құбырын жүргізіп жатырмыз. Нысанның ұзындығы – 2568 метр. Жұмысты аяқтап қалдық. 50 метрдей жер қалды. Негізі желтоқсанда тапсыруымыз керек. Бірақ біз қарашада, яғни уақытынан бұрын тапсырамыз ба деп отырмыз, - дейді «ТасқалаТрансГаз» ЖШС учаске басшысы АБАТ ЖОЛАМАНОВ Қаладағы су, жылу, кәріз желілерінің дені 70-ші жылдары салынып, 40 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді. Петровский көшесі бойындағы ескі су құбыры да жаңасына ауыстырылып, қарашада іске қосылмақ. Жалпы тапсырыс беруші «Батыс су арнасы» мекемесі биыл «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 7 нысанды қайта жаңғыртуды қолға алған. - Жаңғыртылып жатқан 7 нысанның 5-еуі су құбырларымен жабдықтау, 2-уі кәріз желілерін қайта қалпына келтіруге қатысты. Қаладағы су, кәріз жүйелері 67-68 пайызға тозған. Оның бәрін өз күшімен жөндеуге кәсіпорынның қауқары жетпейді. Тіпті жобалық-сметалық құжаттама жасауға да қаржы керек. Сондықтан біз қалалық әкімдікке шығып, тағы 42 км-лік инженерлік желілерді жаңғырту жобаларын ұсындық. Егер қолдау болып жатса, жұмысты жалғастырамыз, - дейді «Батыс су арнасы» ЖШС бөлім басшысы АРЫСТАНҒАЛИ ИЛИКПАЕВ Халықтың таза су ішіп, апатсыз жылумен қамтылып, тұрмысы қолайлы болуы үшін Ұлттық қордан бөлініп отырған қыруар қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс. Жұмыстың сапалы әрі уақтылы жасалуына, қаржының тиімді игерілуіне партиялық бақылау жасаған комиссия өкілдері өз бағасын берді. - Тендерлік шараларға байланысты құрылыс жұмыстары кеш басталған. Сондықтан, міне, қазан айының соңы болса да, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бізді асфальт төсемдерінің сапасы алаңдатады. Өйткені суық түсті. Ал жалпы жұмыста жергілікті тауар өндірушілердің құрылыс өнімдері пайдаланылған. Техникалық іркілістер жоқ, - дейді «Нұр Отан» партиясы жанындағы комиссияның төрағасы ФАРИД БАХТИОЗИН. Партиялық бақылаудың келісі бір бұл емес. Қадағалау бұдан әрі де жалғасады.   Арман Курманалиев  
Главный баннер --> after article