Ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды
«ЭКСПО-2017» көресіндегі Батыс Қазақстан облысының күндері аясында этноауылда ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Көкпар, жамбы ату, теңге ілу, қазақ күресі, тазы жарысы секілді ойындар көпшіліктің делебесін қоздырып, айызын қандырды. «Қазанат» ипподромында өткен ұлттық ойындар сайысы көкпар тартысынан басталды. Мұнда облыстың үш командасы көрсетілім түрінде өзара бақ сынады. Жалпы Астанаға облыстың құрама командасынан 60-тан астам спортшы келіп, 15 ат әкелінген. - Біз Астанаға көкпар, жамбы ату, теңге ілу және тағы басқа ойын түрлерінен жарыстар өткізудеміз. Неліктен бұл ойындар