• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ ОРНАЛАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ 16 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛГЕН

Облыста экологиялық ахуалды жақсартуға арналған жол картасы жасалуда. Бұл туралы облыс әкімі А.Көлгіновтің төрағалығымен өткен бірлескен алқа отырысында иәлім етілді. Жиында облыс аумағында тұтыну және өндіріс қалдықтарын орналастыру мен кәдеге жарату мәселелері талқыланды. Билік пен қадағалаушы орган өкілдері облыс аумағында тұтыну және өндіріс қалдықтарын орналастырудың жай-күйін талқылады. Өйткені, өңірдегі 415 тұрмыстық қалдықтарды орналастыру орындарының тек алтауының ғана эмиссияға рұқсаты болса, ауылдық жердегі қоқыс төгетін 202 орын құқықтық тәрітппен тіркелмеген. Жер қойнауын пайдалан
ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ ОРНАЛАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ 16 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛГЕН
Облыста экологиялық ахуалды жақсартуға арналған жол картасы жасалуда. Бұл туралы облыс әкімі А.Көлгіновтің төрағалығымен өткен бірлескен алқа отырысында иәлім етілді. Жиында облыс аумағында тұтыну және өндіріс қалдықтарын орналастыру мен кәдеге жарату мәселелері талқыланды.
shlam2
shlam2
Билік пен қадағалаушы орган өкілдері облыс аумағында тұтыну және өндіріс қалдықтарын орналастырудың жай-күйін талқылады. Өйткені, өңірдегі 415 тұрмыстық қалдықтарды орналастыру орындарының тек алтауының ғана эмиссияға рұқсаты болса,   ауылдық жердегі қоқыс төгетін 202 орын құқықтық тәрітппен тіркелмеген. Жер қойнауын пайдаланушылардың бұрғылау қалдықтарын кез келген жерге төгіп, қоршаған ортаны ластау  фактілері де  азаймай отыр. - 2012 жылдан бастап, облыста Зеленов, Бөрлі аудандары мен Орал қаласы аумағында өндірістік қалдықтарды заңсыз орналастыруға байланысты 16 қылмыстық іс тіркелді. Қоршаған ортаға 1,7 млрд теңгеден астам шығын келтірілді. Мұнай-газ саласындағы бір компания басшысы мен зиянды қалдықтарды тасымалдаушы 3 мекеменің басшылары  жауапқа тартылды. 1 млрд теңгеден астам шығын өндірілді, - дейді БҚО табиғат қорғау прокуроры АСЛАН ЖАҢАТАУОВ. Орал қаласы бойынша тұрмыстық қалдықтар мәселесі аса өзекті. Бүгінде қала әкімдігі осы салада қызмет көрсетуші екі кәсіпорынның жұмысына қатысты мәселені сот арқылы реттеу  үстінде. «Қаланы мұнтаздай таза ұстау үшін арнайы бағдарлама қабылдануда» дейді Орал қаласының әкімі НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ. Қоршаған ортаны  ластап, қоқысты кез-келген жерге тастағандарға қатысты  қандай шаралар алынуда деген сұраққа жергілікті полиция бастығы жауап берді. - Тазалық сақтау мәселелері біздің назарымызда. Жергілікті полиция қызметі іске кіріскеннен бері бұл сипаттағы 18 877 құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар алынды. Жергілікті әкімдік, ПИК-мен бірлесіп жұмыс жүргізудеміз, - дейді БҚО жергілікті полиция қызметі бастығы МАНАРБЕК ҒАБДУЛЛИН. Белгіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтар төгу, бұрғылау қалдықтарымен  ластау бойынша анықталған құқықбұзушылықтарға қатаң шаралар алынуы тиіс. «Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуге қадағалаушы орган айрықша маңыз бермек» деді облыс прокуроры - Қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды орналастыру бойынша талап күшейтіледі. Бұл сіз бен біздің өміріміз үшін аса маңызды мәселе. Бұл арада көңіл жықпастыққа салынуға болмайды. Қоршаған ортаны ластағандар әрекеті үшін жауап беруі тиіс. Облыстық прокуратура осы маңызды мәселе бойынша «Табиғатты бірге қорғайық» жобасын дайындап, жергілікті атқарушы органдармен бірге жүзеге асыруды көздеп отыр, - дейді БҚО прокуроры САПАРБЕК НҰРПЕЙІСОВ. Бірлескен алқа отырысында экологиялық ахуалды жақсартуға арналған жол картасы жасақталуда екендігі белгілі болды. Бұл күні қаралған маңызды мәселелер бойынша   ұсынымдар дайындап, орындалуын қатаң қадағалау  жоспарланып  отыр.  
Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article