Депутаттар Оралдағы үш ауысымды мектепті аралады
Қазақстан Республикасы парламенті мəжілісінің депутаттары үш ауысымда білім беріп отырған №47 мектепке барып, жұмысымен танысты. Білім ордасының ғимараты 2015-жылы қолданысқа тапсырылған болатын. Қазақстан Парламентіндегі "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшелері Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина, Жәмила Нұрманбетова, Светлана Бычкова және "Ақжол" партиясы фракциясынан Кеңес Абсатиров Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерді талқылау үшін аймаққа арнайы келген іс сапарында осы өзекті проблеманы шешуге атсалысуды мақсат тұтыпты. БҚО-да 2163 оқушыға мектепте орын жетіспей отыр. Орал қаласының Заша